қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
16.04.2019

Абай атындағы ҚазҰПУ өкілдері Мәскеу жоғары оқу орындарында болды


2018-2019 жж. арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының концептуалды негіздерін жүзеге асыру бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ іс-шаралары жоспарының аясында Шетелдік студенттерге арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі Сәуле Бегалиева, профессор Бақытгүл Балғазина және доцент Гунчам Нурахунова 2019 жылдың 8-13 сәуірі аралығында Ресей халықтары достастығы университеті мен Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінде Мәскеу қ. (Ресей) қызметтік іссапарда болды.

 

Іссапардың мақсаты - Абай атындағы ҚазҰПУ мен РХДУ арасындағы ынтымақтастық туралы келісімшарт (№ ЗЛТ-55 8 мамыр 2018 ж.) бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ-да орыс тілін шет тілі ретінде (ТОРФЛ) шетелдік азаматтарды тестілеумен байланысты ұйымдастыру мәселелерін шешу (мерзімі, кеңестер, топтар құру, құжаттарды реттестіру және т.б.); 2019 жылдың 10 сәуірінде «XXI ғасырдағы тіл және мәдениет» Халықаралық онлайн-конференциясына қатысу.

 

Төмендегідей жұмыстар атқарылды:

1) ММПУ-дегі Абай атындағы мәдениет және ғылым орталығына бару (8 сәуір);

2) РХДУ Орыс тілі және жалпы білім беретін пәндер факультетінің деканы Наталья Поморцевамен кездесу барысында орыс тілін шет тілі ретінде оқыту бойынша біліктілікті арттыру және мамандарды қайта даярлау мәселелері көтерілді (8 сәуір).

3) ММПУ Филология институтының директоры, профессор Елена Чернышевмен жүздесу барысында орыс тілі бойынша шетелдік азаматтарды тестілеу бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ мен ММПУ арасында келісімшарт орнату келісілді (9 сәуір);

4) РХДУ мен ММПУ-дегі «XXI ғасырдағы тіл және мәдениет» Халықаралық онлайн-конференциясына қатысу (10 сәуір);

5) РХДУ қосымша білім беру бойынша деканының орынбасары Павел Сапожниковпен кездесу барысында Абай атындағы ҚазҰПУ-да орыс тілін шет тілі ретінде шетелдік азаматтарды тестілеу бойынша ұйымдастыру жұмыстары шешілді (11 сәуір);

6) ММПУ-дегі орыс-қытай үйлестіру-әдістемелік орталығының жетекшісі Алексей Юдинмен кездесуде шетелдік азаматтарды жоғары оқу орындарына тарту мәселелері талқыланды (12 сәуір);

7) ММПУ Филология институтының Ашық есік күніне және Бірыңғай диктантқа қатысу (13 сәуір).

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  

 

Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы