қазақша · русский · english
 
 
 
27.02.2026

Мұғалім даярлаудың дуальді моделі: ЖОО, колледж және мектептердің «Methodfest» форматындағы коллаборациясы

 

2026 жылдың 26 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті қабырғасында «Бір күн – бір факультет» жобасы аясында Педагогика және психология факультеті ұйымдастырған «Methodfest» оқу-әдістемелік ашық есік күні өтті. Факультет өзінің әлеуетін танытты, ұйымдастырылған іс-шаралар бір алаңда студенттердің практикалық ізденістері мен ғылыми жетістіктерін көрсетуге арналды. Фестиваль аясында бастауыш білім беру кафедрасы дуальді даярлау нәтижелерін, ғылыми-әдістемелік әзірлемелерін және серіктес ұйымдармен өзара іс-қимыл модельдерін ұсынды. Басты іс-шара бастауыш білім беру кафедрасы, қалалық білім берудегі жаңа технологиялық ғылыми-әдістемелік орталығы, №1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжі, «Prometheus School» және «Школа Нового Поколения NGS» мектептерінің коллаборациясы форматында өткен дуальді workshop болды. Мұндай формат мектеп, колледж және ЖОО ресурстарын бірыңғай білім беру экожүйесінде біріктіруге мүмкіндік берді. Кәсіби диалогқа «Школа Нового Поколения NGS» ЖШС директоры Храбрых А.Ю., серіктес мектептердің тәлімгерлері, колледж және университет оқытушылары, сондай-ақ академиялық қызмет жөніндегі проректор Нарбекова Б.М. қатысты. Талқылау барысында дуальді модельді дамытудың негізгі бағыттары, мектептің кадрларға тапсырыс беруші ретіндегі рөлі және студенттерге тәлімгерлік қолдау көрсету тетіктері айқындалды. Дуальді оқыту жүйесінде білім алып жатқан 2 және 4- курс студенттері өздерінің кәсіби траекторияларын – педагогикалық бақылаудан бастап дербес сабақ өткізу және дипломдық жобаларды дайындау кезеңдеріне дейін таныстырды. Сұхбат және ашық әңгіме форматында кәсіби бейімделу, жауапкершілік және әдістемелік дербестікті қалыптастыру мәселелері талқыланды. Күні бойы нақты сабақ үзінділері, тәлімгерлік кеңестер және студенттердің кәсіби өсу кезеңдерін көрсететін фото және бейнегалерея жұмыс істеді. Сонымен қатар авторлық әзірлемелер, сабақ құрастыру үлгілері, қалыптастырушы бағалау құралдары мен цифрлық ресурстар ұсынылған дидактикалық материалдар көрмесі ұйымдастырылды. «Methodfest» ЖОО, колледж және серіктес мектептердің коллаборациясы болашақ мұғалімді даярлаудың теория, практика және зерттеу қызметінің интеграциясына негізделген тұрақты моделін қалыптастыратынын көрсетті.

 

 

 

  alt=    

  alt=    




Кері оралу