
Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы / Жаңалықтар
01.04.2026
«МАМАНДЫҚ – ӨМІРЛІК МИССИЯ»
2026 жылдың 1 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінде Әлем тілдері факультетінің Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Нұржамал Шенгелбаеваның ұйымдастыруымен ғылым онкүндігі аясында қоғам қайраткері, білікті аудармашы, Гарвард университетінің түлегі Шыңғыс Мұқанмен «Мамандық – өмірлік миссия» тақырыбында кездесу өтті. Шараға факультет деканы Е. Оспанов, филология ғылымдарының докторы, профессор А. Жұмабекова, кафедра меңгерушісі К. Абдрахманова, профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ «Аударма ісі» мамандығының студенттері қатысты. «Мазмұндама» баспасының директоры, аудармашы Шыңғыс Мұқан білім алушылармен жүздесіп, өзінің өмір жолы мен кәсіби тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, ол әлемнің беделді оқу орындарының бірі – Гарвард университетінде алған білімі мен сол ортадан түйген ойларын әсерлі түрде баяндады. Кездесу барысында спикер «мамандық» ұғымының тек табыс көзі ғана емес, адамның өмірлік миссиясына айналуы тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, әр адам өз қабілеті мен қызығушылығына сай жолды таңдағанда ғана қоғамға шынайы пайда әкеле алады. Шыңғыс Мұқан жастарды үздіксіз ізденуге, жаңа білім мен дағдыларды меңгеруге шақырды. Іс-шара еркін форматта өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. Әсіресе, шетелде білім алу, аударма саласының қыр-сыры және тұлғалық даму мәселелері көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Қорытындылай келе, мұндай тәжірибелі аудармашымен кездесу – тек ақпарат алу ғана емес, сонымен қатар кәсіби және тұлғалық даму үшін үлкен мүмкіндік болып табылады.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|