
Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы / Жаңалықтар
02.04.2026
Ауызша аударманы цифрлендіру бойынша вебинар
Ғылым онкүндігі аясында 2026 жылдың 2 сәуірінде Әлем тілдері факультетінің шығыс филологиясы және аударма кафедрасының студенттері мен магистранттары үшін вебинар өткізілді. Спикер – Astana Interpreters компаниясының конференц-аудармашысы, PhD докторы, Мақсұт Нәрікбаев университетінің гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқытушысы Жанар Советқызы Түсіпбекова. Спикер жасанды интеллектті пайдаланатын аудармашы жұмысын қамтитын кеңейтілген аударма (Augmented interpreting) деп аталатын жаңа аударма түрі және осы процесте қолданылатын Adobe Firefly, Gemini, Notebook LM, GrammarlyGO, Perplexity AI, Subtitles Service және басқа да құралдар туралы талқылады. Вебинар студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды және көптеген сұрақтар қойылды. Кездесуді филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Қазкенқызы Жұмабекова жүргізді.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|