
Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы / Жаңалықтар
23.02.2026
Практика базасында студенттер ашық сабақ өткізді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен ашық сабақтар апталығы аясында 20 ақпан күні 4-курс студенті Шоманова Аружан Абылай хан атындағы Шетел тілдері колледжі базасында ашық сабақ өткізді. Сабақ достық әрі іскерлік атмосферада өтті. Ашық сабаққа стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректор Искакова Айгүл Төлеутайқызы, корей тілі оқытушысы Бурмистрова Е.В., сондай-ақ Ли Джи Хё қатысты. Сабақ барысында жасанды интеллект бағдарламалары мен ойын элементтерін қолдану арқылы интерактивті оқыту әдістері пайдаланылды. Айгүл Төлеутайқызы сабақтың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Оқыту үдерісі үш тілде (корей, қазақ, орыс) жүргізіліп, бұл студенттердің жаңа оқу материалын тиімді меңгеруіне оң ықпал етті. Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының аға оқытушысы Е.В. Бурмистрова колледж басшылығына ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыруды ұсына отырып, университеттің 4-курс студенттеріне тәжірибе базасын ұсынғаны үшін алғысын білдірді.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|