қазақша · русский · english
 
 
 
03.03.2026

6B03111 – Практикалық психолог даярлау білім бағдарламасы бойынша 4 -курс студенттерінің өндірістік практикасы!


2026 жылдың 1 наурызында «Бірлік пен Алғыс» тақырыбында тренинг өткізілді. Мақсаты – әскери ортада ұйымшылдықты арттыру, бірлік пен өзара қолдауды нығайту және Алғыс айту күніне орай ризашылық мәдениетін қалыптастыру. Іс-шараға әскери бөлім сарбаздары, сондай-ақ Рота командирінің орынбасары аға лейтенант Абдыкалыков Даулет, лейтенант Анарбаев Мейірбек және практика жетекшісі Тукебаева Саулет қатысты. Тренинг барысында қатысушылар сергіту жаттығулары мен топтық тапсырмаларға белсенді қатысып, өзара сенім мен түсіністікті арттырды. Қорытынды бөлімде кері байланыс ұйымдастырылып, сарбаздар бір-біріне алғыс білдірді.Тренинг ұжымдық рухты нығайтып, өзара құрмет пен қолдау атмосферасын қалыптастыруға ықпал етті.

 

 

  alt=    

 

  alt=    




Кері оралу