
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы / Жаңалықтар
24.02.2026
6B03111 – Практикалық психолог даярлау білім бағдарламасы бойынша 3- курс студенттерінің педагогикалық практикасы! 2026 жылдың 12 қаңтарынан бастап, 6B03111 - Практикалық психолог даярлау мамандығының 3 - курс студенттерінің педагогикалық практиканы Алматы қаласындағы №34 гимназия базасында басталды. Психологиялық зерттеу жұмыстары 1-11сыныптар аралығында жүргізілуде. Атап айтқанда, бастауыш сынып оқушыларымен: Камила Болатханқызы, Таисия Владимировна; орта және жоғары сынып оқушыларымен: Наталья Сергеевна және Айгерим Макажановна. Студенттердің практика барысында орындаған жұмыстары: достық пен даналы сөздер тақырыбындағы психологиялық ағартушылық сабақтар жүргізілді. Сабақ барысында келесі тренингтер мен ойын әдістері қолданылды: «Мүмкін» / «Мүмкін емес», көңіл-күй барометрі, «Өрмекші торы», «Достық әлемі бойынша саяхат» арт-техника «Жануарлар класы». Сонымен қатар, дайын суреттерді қолдана отырып нейрогимнастика өткізілді. Кіші мектеп оқушыларының оқу дайындығы мен мотивациясын диагностикалау жүргізілді. «Социометрия», «Өмірде жоқ жануар» әдісі, бесінші сынып оқушыларының бейімделу кезеңінде мазасыздықты анықтауға арналған О. Хмельницкая әзірлеген тест және 7-11 сынып оқушылары арасында Д. Леонтьевтің бейімдеу нұсқасы бойынша С. Мадди өмірге төзімділік сұрақнамасы негізінде тестілеулер өткізілді. Практика жетекшісі: к. психол. ғ. к., аға оқытушы Абишева Э.Д.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|