
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы / Жаңалықтар
20.02.2026
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы «Сот сараптамасындағы психология» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді. Шақырылған спикер Алматы сот сараптамалары институтының психологы Әлия Болатқызы болды!
Кафедра «Сот сараптамасындағы психолог» тақырыбында қонақ дәріс ұйымдастырды. Шақырылған маман - Алматы қаласы бойынша Сот сараптамалары институтының психологі Мұқамәди Әлия Болатқызы. Іс-шара 6В03111 бакалавриат білім беру бағдарламасы бойынша «Суицидология негіздері» пәні аясында білім алушылардың құзыреттерін кеңейту мақсатында ұйымдастырылды. Сонымен қатар дәріске профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар және студенттер қатыса алды. Дәріс 19 ақпанда сағат 11:00-ден 12:30-ға дейін факультеттің оқу ғимаратындағы 5-дәрісханада өтті.
Интерактивті дәріс форматында қатысушылар көптеген сұрақтар қойды: 1. Суицид және жауапкершілік 1. Буллинг салдарынан суицид орын алса, қандай шаралар қабылданады?
2. Аффект жағдайы және қылмыстық жауапкершілік 1. Қандай жағдайлар аффект күйі ретінде саралануы мүмкін?
3. Отбасылық даулар және психологиялық сараптама 1. Баланы бір ата-ананың екіншісіне қарсы психологиялық тұрғыдан бейімдеуі (ата-аналық жатсыну синдромы) фактісін анықтау мүмкін бе?
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|