қазақша · русский · english
 
 
 
06.03.2026

Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика кафедрасының оқытушысы, п.ғ.к., университеттің қауымдастырылған профессоры А.Д. Танатова педагогикалық қызметкерлер арасында өткен Халықаралық «Үздік ғылыми жоба» байқауына (конференциясына) онлайн қатысты. Байқауды ғалымдар мен педагогтерді біріктіретін, оларға өздерінің ғылыми жетістіктерін таныстыру және жаңа білім мен дағдыларды алу үшін ашық алаң ұсынатын "ENDLESS LIGHT in SCIENCE" Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды. Байқау аясында А.Д. Танатова «Студенттердің өзіндік жұмысы білім алушылар көзімен: мотивация, қиындықтар және білім беру сұраныстары» тақырыбында жұмыс ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша А.Д. Танатова I дәрежелі дипломмен және «Үздік ғылыми жоба» медалімен марапатталды. .




Кері оралу