«ӨНЕРЛІ ҰСТАЗ» ҚАЛАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ
2025 жылғы 23-29 желтоқсан айында Алматы қаласы Білім басқармасы және Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен орта білім беру ұйымдарының «Музыка» және «Көркем еңбек» пән мұғалімдеріне арналған «Өнерлі ұстаз-2025» қалалық шығармашылық байқауы өтті. Байқаудың қазылар алқасының төрағасы ретінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Мзыкалық білім және хореография» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Какимова Лаура Шариповнаны шақырды.
Байқаудың мақсаты - оқушылардың жас жасөспірімдердің құндылық бағдарларын, музыкалық білім беру педагогикасы саласындағы мәдени білімді және дағдыларды қалыптастыру үшін өнер арқылы заманауи мұғалімдердің кәсіби, әдістемелік және шығармашылық құзыреттілігін арттыру болып табылады.
Байқау кезеңдері:
І тур - «Шығармашыл педагог - сапалы білім» тақырыбында шеберлік сабағы;
ІІ тур - «Менің сүйікті мамандығым» тақырыбындағы *таныстырылым;
ІІІ тур -«Ұстаз және өнер» шығармашылық кезеңі.
Қатысушылар авторлық жұмыстарын, орындаушылық шеберліктерін, шығармашылық идеяларын және әдістемелік тәжірибелерін ортаға салды. Олардың жұмыстары креативтілік, көркемдік талғам, инновациялық әдістерді қолдану бағыттары бойынша бағаланды.
Байқаудың бірінші кезеңі Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы №187 орта мектепте өтті. Онда қатысушылар мектеп оқушыларына музыка сабақтарын өткізу арқылы өз шеберліктерін көрсетті:
- музыка сабақтарында жасанды интеллект технологиялары мен әдістерін қолдануды;
- шешендік өнер мен сахна мәдениетін меңгеру, аудиториямен жұмыс атқаруды;
- ұлттық құндылықтарды насихаттауда жеке шығармашылық имиджі мен стилін дәлелдеу.
Байқаудың екінші және соңғы туры Әуезов ауданындағы №97 мектепте өтті. Бұл жерде қалалық байқаудың жеңімпаздары жалпы ұпай саны бойынша анықталды. Олар:
Бас жүлде - Чыкабаева Дана Бакбергеновна - №206 мектеп-гимназияның музыка пәні мұғалімі;
1 орын - Алхожаева Нургуль Канатбековна - № 211 мектеп-гимназияның музыка пәні мұғалімі;
2 орын - Әбілдә Сандуғаш Бақбергенқызы - №204 жалпы білім беретін мектептің музыка пәні мұғалімі;
3 орын - Сеилханова Айнур Кауатаевна - №141 жалпы білім беретін мектептің музыка пәні мұғалімі;
3 орын - Хадиева Альфия Равильевна - №57 жалпы білім беретін мектептің музыка пәні мұғалімі;
3 орын - Сагалова Назым Ерболатовна - М.Базарбаев ат.№ 138 гимназияның музыка пәні мұғалімі.
«Өнерлі ұстаз-2025» байқауы теориялық ізденістер мен нақты педагогикалық практика арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ете отырып, ғылыми жобаның тұжырымдамалық ережелерін практикалық сынақтан өткізудің және логикалық жалғастырудың бастапқы нүктесі болды. Ол зерттеу базасы мен жанды педагогикалық шығармашылық арасындағы тиімді синергияны қамтамасыз ете отырып, ҚР ҒЖБМ жөніндегі АР23488786 «Артбілім беру жүйесін трансдисциплинарлық зерттеу: мәдени жады мен ұлттық құндылықтар феномені заманауи контентте» ғылыми жобасының теориялық идеяларының жалғасы болды.
Конкурсты өткізу шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыру музыка пәндерін оқыту сапасына тікелей әсер етеді және мұғалімдердің тек пәнаралық байланыстарды ғана емес, сонымен қатар мәдени есте сақтау құбылысы мен артбілім берудегі ұлттық құндылықтарды зерттеуде пәнаралық көзқарасты қолдануға дайындығын анықтауға мүмкіндік береді деген ғылыми жобаның гипотезасын растауға мүмкіндік берді.





