Цифрлық кезеңдегі халықаралық құқықтық стандарттар
«Профессор автор және құқық иесі ретінде цифрлық дәуірде: халықаралық стандарттар мен тәжірибелер. Университеттегі зияткерлік меншік: білім, ғылым және өнерді қорғау»
2026 жылғы 27 ақпанда сағат 12:00-де университеттің №2 оқу ғимаратында профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларға арналған мазмұнды кездесу өтті.
Іс-шара аясында цифрлық дәуірдегі авторлық құқықтың өзекті мәселелері, халықаралық стандарттар, зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау тетіктері және академиялық ортада ғылыми, шығармашылық еңбектерді заңды рәсімдеу жолдары талқыланды.
Кездесудің спикері - Айнура Есендикова, Қазақстандық авторлық қоғам (KazAK) РҚБ Бас директоры. Ол университеттегі зияткерлік меншік мәдениетін қалыптастыру, авторлардың құқықтарын қорғау және цифрлық кеңістікте туындайтын құқықтық тәуекелдердің алдын алу мәселелері бойынша кәсіби пікірін білдірді.
Шара барысында қатысушылар тәжірибелік кеңестер алып, өзекті сұрақтарға жауап алды. Кездесу білім, ғылым және өнер саласындағы авторлық құқықты қорғаудың маңызын айқындайтын маңызды диалог алаңына айналды

