Өнер факультетінде Қазақстанның танымал қолөнер шеберлерімен шығармашылық кездесу ұйымдастырылды
2026 жылғы 20 ақпанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Өнер факультетінің ұйымдастыруымен «Қазақстанның көрнекті қолөнершілерімен шығармашылық кездесу» атты іс-шара өткізді.
Кездесудің мақсаты - мастер-класстар өткізу, шеберлермен тәжірибе алмасу және сұрақ-жауап сессиясын ұйымдастыру.
Іс-шара аясында Қазақстанның танымал қолөнер шеберлері мастер-класстар өткізді:
Дауленова Ұлбосын Бақтығалиевна - дәстүрлі киіз басу өнері бойынша,
Сұлтан Тілек - дәстүрлі біз кесте тігу өнері бойынша,
Сарсенбаева Гүлзира Беляловна - дәстүрлі көркем тоқыма өнері бойынша.
Кездесуде шеберлердің қолынан шыққан ұлттық киімдер мен қолөнер бұйымдарынан тұратын шығармашылық көрме ұйымдастырылды.
Кездесу университет проректорлары Сұлтан Ертай мен Жақауов Мақсат Дөнесұлының қатысуымен өткен салтанатты ашылу рәсімімен басталды. Іс-шара барысында қызығушылық танытқан студенттер дәстүрлі ұлттық қолөнерде заманауи технологияларды қолдана отырып, қолөнер бұйымдарын жасап көріп, шығармашылық қабілеттерін сынады.





