
Өнер факультеті |
16.02.2026
«Тау деген ана туған дара тұлға» республикалық конкурсы өтті
Өнер факультеті мен "Жеті өнер" шығармашылық орталығы бірлесіп ұйымдастырған «Тау деген ана туған дара тұлға» республикалық өнер мен білім конкурсы өз мәресіне жетті. Аталған іс-шара қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаев туғанына 95 жыл толуына орай өткізіліп, жас ұрпаққа ақын мұрасын кеңінен насихаттауды мақсат етті.
Байқауға мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінен бастап жалпы және қосымша білім беру мекемелерінің білім алушылары, шығармашылық студия өкілдері, студенттер мен ұстаздар қатысты. Қатысушылар вокал, аспаптық орындаушылық, көркемсөз, хореография, бейнелеу және қолөнер бағыттары бойынша өнер көрсетіп, өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытты.
Конкурс барысында кәсіби қазылар алқасы қатысушылардың сахналық мәдениетін, орындау шеберлігін және шығармашылық ізденісін бағалады. Үздік өнер көрсеткен қатысушылар түрлі дәрежедегі дипломдармен және арнайы марапаттармен марапатталды. Байқау жас таланттарды қолдау, ұлттық өнер мен рухани құндылықтарды дәріптеу бағытында маңызды мәдени алаңға айналды.
Іс-шара қатысушылар мен жетекшілер үшін тәжірибе алмасу мүмкіндігін ұсынып, өнер мен білімге деген қызығушылықты арттыруға ықпал етті. Мұндай байқаулар жас буынның шығармашылық әлеуетін дамытуға және ұлттық мәдениетті жаңғыртуға зор үлес қосатыны атап өтілді.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|