қазақша · русский · english
 
 
 
17.02.2026

 

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Abai University ғалымдарының қонақ дәрістері

 

 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ғылыми алмасу және академиялық мобильділікті жүзеге асыру мақсатында 2026 жылдың 17 ақпаны мен 3 наурызы аралығында Педагогика және психология факультеті, Мектепке дейінгі білім және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ұлбосын Қияқбаева, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Гүлбану Абитова «Білім беру менеджменті» 7М01301 мамандығының 1-2 курс магистранттарына «Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі», «Педагогикалық зерттеулердің методологиясы мен әдістері», «Педагогтың эмоционалды интеллектісі» пәндері бойынша қонақ лекцияларын өткізді. Сонымен қатар, 6В01201 «Мектепке дейінгі білім беру» мамандығының 2-3 курс студенттеріне «Ерте балалық білім беру психологиясы мен педагогикасы», «Мектепке дейінгі балалардың коммуникативті-тілдік дамуы», «Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасындағы әлеуметтік әріптестік» пәндерінен дәрістер оқылды.

Лекция барысында қазіргі ғылыми педагогикалық зерттеулердің негізгі бағыттары, жасанды интеллект дәуірінде жоғары білім беру жүйесінің өзекті мәселелері, пәндерді оқытуда жаңа әдіс-тәсілдер мен технологиялардың тәжірибесі мен перспективалары, инновациялық білім беру технологияларын зерттеу мәселелері, мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасындағы серіктестік қатынастарға жаңа көзқарастар, мектепке дейінгі білім сапасын арттырудың негізгі бағыттары талқыланды. Ғалымдар достық ахуалда өз әдістемелері мен практикалық тәжірибелерімен бөлісіп, білім алушылардың білім саласындағы инновациялармен танысуға үлкен қызығушылықтарын тудырды.

Сонымен қатар, инновациялық білім беру факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ақмарал Мұханбетжанова, Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Фариза Кинжибаева және кафедра оқытушыларымен кездесуде бірлескен онлайн дәрістер өткізу, студенттік конференциялар ұйымдастыру, оқулықтар, оқу құралдары, мектепке дейінгі білім беру бойынша монографиялар жазу бойынша болашақ ынтымақтастық жоспарлары талқыланды.

Қонақ лекциялар нәтижесінде тыңдаушылар заманауи білім беру мәселелері мен мектепке дейінгі білім беру саласында цифрлық технологияларды енгізу туралы көлемді және пайдалы контент үшін ұйымдастырушылар мен спикерлерге зор алғыстарын білдірді.

 

 

 

  alt=  

  alt=  

   

   




Кері оралу