қазақша · русский · english
 
 
 
20.02.2026

                               Докторанттардың педагогикалық практикасының қорытынды есебі

 

2026 жылғы 20 ақпанда Педагогика және психология факультетінің Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасында «8D01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын 2-курс докторанттарының педагогикалық практикасының қорытынды есебі тыңдалды. Педагогикалық практика 2026 жылдың 12 қаңтары мен 14 ақпаны аралығында (5 апта) кафедра базасында жүзеге асырылып, 6В01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу және 6В01204 - Мектепке дейінгі білім беру (IP) білім беру бағдарламаларының білім алушыларына бағытталды

Педагогикалық практика докторанттардың ғылыми-зерттеу даярлығын нақты оқу үдерісімен ықпалдастыруға, жоғары мектеп педагогикасы аясында кәсіби-әдістемелік құзыреттілігін тереңдетуге және оқытудың заманауи технологияларын қолдану арқылы академиялық сабақ жүргізу шеберлігін жетілдіруге бағытталды. Практика кезеңінде докторанттар мектепке дейінгі психология, жас ерекшелік және әлеуметтік педагогика, коммуникативтік-сөйлеу тілін дамыту, қазіргі мектепке дейінгі балалардың ойын әрекеттері, оқыту әдістері мен технологиялары, жобалау әрекетінің негіздері, цифрлық педагогика және когнитивті технологиялар, педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі, білім мен іскерлікті бағалау практикумы, музыкалық тәрбие әдістемесі, дене тәрбиесі әдістемесі және балалар әдебиеті сияқты кәсіби маңызы жоғары пәндер бойынша сабақтар өткізді.

Оқу сабақтарын ұйымдастыру барысында докторанттар білім беру мазмұнын ғылыми-әдіснамалық тұрғыдан талдап, пәндердің мақсат-міндеттерін оқу нәтижелерімен сәйкестендіріп, силлабустарды жетілдіруге қатысып, дәріс және практикалық сабақтардың құрылымын құзыреттілікке бағытталған модель негізінде жобалады. Сабақтарда интерактивті оқыту әдістері, кейс-талдау, жобалық тәсіл, проблемалық оқыту элементтері, цифрлық ресурстар мен білім беру платформалары тиімді қолданылды. Сонымен қатар білім алушылардың академиялық белсенділігін арттыру, сыни ойлауын дамыту, зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға басымдық берілді.

Педагогикалық практика нәтижелері докторанттардың жоғары мектеп оқытушысы ретіндегі кәсіби бейнесін қалыптастыруда маңызды рөл атқарғанын көрсетті. Олар оқу үдерісін ғылыми тұрғыдан негіздеп ұйымдастыру, білім беру мазмұнын цифрлық трансформация талаптарына сәйкестендіру, педагогикалық инновацияларды практикаға енгізу және академиялық дискурс жүргізу қабілеттерін айқын көрсетті. Қорытынды есеп барысында әр докторант өткізілген сабақтардың мазмұнын, қолданылған педагогикалық тәсілдерді, алынған нәтижелерді және кәсіби өсу динамикасын талдап, тәжірибелік қызметтің ғылыми-зерттеушілік қызметпен өзара байланысын дәлелдеді.

2025/2026 оқу жылының академиялық күнтізбесіне сәйкес ұйымдастырылған педагогикалық практика докторанттардың теориялық білімін нақты педагогикалық әрекетпен ұштастыруға, жоғары білім беру жүйесінде сапалы оқытуды жүзеге асыруға бағытталған кәсіби даярлық деңгейін арттыруға және ғылыми-педагогикалық құзыреттілігін кешенді дамытуға мүмкіндік берді. Кафедра ұжымы практика нәтижелерін оң бағалап, докторанттардың кәсіби жетілуінің сапалы динамикасын атап өтті.

 

  alt=  

   

  alt=  




Кері оралу