
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
17.02.2026
“ҚР-ның білім беру саясаты”
2026 жылы 17 ақпанда “Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика” кафедрасының оқытушысы, п.ғ.д., профессор Манкеш Ақсәуле Ерженбайқызы 8D01200-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасының 1 курс докторанттарына арналған “ҚР-ның білім беру саясаты” тақырыбында ғылыми-әдіснамалық оффлайн-онлайн форматында семинар өткізді. Профессор А.Е. Манкеш білім беру саласындағы реформалардың мазмұнын, олардың ғылыми-теориялық негіздерін және практикалық жүзеге асырылу тетіктерін терең талдап, өзекті мәселелерге қатысты тың тұжырымдар ұсынды. Сонымен қатар, саясат пен ғылымның өзара байланысы, білім беру кеңістігіндегі интеграциялық үдерістер және ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, жаһандық талаптарға бейімделу мәселелері кеңінен сөз болды. Семинар барысында білім беру саясатының негізгі бағыттары, ғылыми-теориялық негіздері және практикалық іске асыру жолдары талқыланды. Докторанттар белсенді қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Семинар жоғары ғылыми деңгейде өтіп, докторанттардың зерттеушілік құзыреттілігі мен ғылыми әлеуетін арттырып, кәсіби дамуына үлкен көмек болды.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|