қазақша · русский · english
 
 
 
03.02.2026

«Мектепке дейінгі білім беру саласындағы эмпирикалық зерттеулер» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар

 

 2026 жылдың ақпан айында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология факультеті Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының доценті, п.ғ.к., Г.З.Таубаева 8D01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 1-2-курс докторанттарына   «Мектепке дейінгі білім беру саласындағы эмпирикалық зерттеулер» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Ғылыми семинарда әрбір докторанттың зерттеу тақырыптарына сәйкес ғылыми зерттеу әдістеріне (теориялық, эмпирикалық), соның ішінде сөздік (әңгімелесу, сұрақ-жауап, сұхбаттасу, сауалнама), көрнекілік (суреттерді көру, үлгі көрсету, ойыншықтарды және заттарды көру), практикалық (жаттығу, модельдеу, құарапайым тәжірибелер, өнімді әрекет) және ойын (дидактикалық, сюжетті рөлді, қимылды, ұлттық ойындар мен ойын әрекеттерін орындау) әдістеріне тоқталып, терең талдау жасалынды. Ғылыми семинар барысында докторанттарға танымдық, әдіснамалық, жүйелеуші, әлеуметтік, түсіндірмелік, болжамдық және қызметтің мәні, негізгі бағыттары, әдістері мен тәсілдері мәліметтер ұсынылды. Семинардың мазмұны болашақ кәсіби қызметтеріне қажетті теориялық білім мен практикалық тәжірибе бергенін атап өтті. Аталған ғылыми-әдістемелік семинар болашақ тәрбиешілердің кәсіби дамуына ықпал ететін маңызды тәжірибелік алаң ретінде жоғары бағаланды.

 

 

  alt=  

   

  alt=  




Кері оралу